Спорт • 09 Сәуір, 2020

DAZN Головкиннің басты бес жетістігін атады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

DAZN стримингтік сервисі кәсіпқой бокстан IBF және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) 38 жасқа толған туған күнімен құттықтап, оның спорттық жолындағы бес ірі жетістігін атады.

DAZN Головкиннің басты бес жетістігін атады

Аталған стримингтік сервис отандасымыздың басты жетістіктері ретінде 2004 жылы Афина Олимпиадасындағы күміс жүлдесін, 2008 бен 2017 жыл аралығында 23 нокаут сериясын, орта салмақтағы бұрынғы біріккен чемпиондық атағын, белдіктерін 20 рет сәтті қорғауын және орта салмақ тарихындағы нокаут бойынша ең жоғары көрсеткішін (89,5 процент) орасан зор жетістік деп атаған.

Геннадий Головкин

Головкин DAZN стримингтік сервисімен былтыр үш жылдық келісімшартқа отырған болатын. Келісім бойынша отандасымыз үш жылда алты жекпе-жек өткізіп, 100 миллион доллар алады. DAZN-дағы алғашқы жекпе-жегін 2019 жылдың маусым айында өткізіп, канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңген еді. Кейіннен қазан айында қазақстандық бокс жанкүйерлеріне жақсы таныс, еліміздің «Астана арландары» бокс клубында сәтті өнер көрсеткен украиналық Сергей Деревянченкодан ұпай санымен басым түскен-ді.

Соңғы жаңалықтар

Адалдық – ардың ісі

Пікір • Бүгін, 09:55

Демократияның даму көрінісі

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Өсімі жоғары өңір

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Алматыда жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 09:40