Осы мақсатта Таразға жауынгерлік аттар мен тәжірибесі мол 30 келісімшарт бойынша әскери қызметшілер жіберілді. Сонымен қатар, қызметтік аттарды ұстайтын орын салынды.
«Тараз маңындағы блокбекеттерде жауынгерлік кезекшілікті атқару үшін біздің бөлімімізден ең үздік және жақсы дайындалған әскери қызметшілері мен жауынгерлік аттары жіберілді, - деп атап өтті әскери бөлімінің командирі майор Еркін Жоламанов.
Топты таулы-егерлік ротасының командирі аға лейтенант Бекдаир Төлегенов басқарды.
Аталмыш бөлімшеде тау-атыс, таулы-егерлік роталары бар. Әскери қызметшілерінде кәсіби альпинисттік, сондай-ақ атпен жұмыс істеу дағдылары жақсы дамыған. Әскери бірлік ретінде қызметте жылқылар да бар. Техникаға жүріп өтуге қиын таулы жерлерде, олар оқ-дәрілерді, жүктерді, жараланғандарды тасымалдау сынды міндеттерді атқарады. Жалпы аталмыш бөлімше таулы аймақтардағы жауынгерлік іс-қимылдар кезінде жоғары ұтқырлығымен және шеберлігімен ерекшеленеді.
Таулы-егерлік ротаның әскери қызметшілерінің кәсібилігі халықаралық деңгейде де дәлелдеді. Өткен жылы команда халықаралық әскери ойындар аясында Маңғолияда өткен «Ат марафоны» байқауында, сол елдің қатысушыларына ғана есе жіберіп, екінші орынға ие болды.
Таулы-егерлік бөлімшедегі қызмет ерекше білім мен дағдыларды талап етеді. Ал оқу-жаттығулармен, сайыстар барысында жинаған тәжірбие, қызметте өз үлесін қосады.