Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Петропавлда саяжайларды атты сақшылар күзетуде

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір Петропавлда «Заречное» және «Новопавловка» кенттерінде саяжай қоғамдастықтарындағы тәртіпті қадағалауға салт атты полицейлер шықты.

Петропавлда саяжайларды атты сақшылар күзетуде

Олар саяжай қоғамдастықтарының төрағаларымен, күзетшілерімен байланыс орнатып, телефондарымен алмасады, сондай-ақ, учаскелердегі жағдаймен танысады. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың ашылуы тұрғындармен жүргізілетін өзара қарым-қатынасқа тікелей байланысты. «Сонымен қатар, біз төтенше жағдай режімінің ережелерін саяжай қоғамдастықтарының төрағаларына түсіндіреміз», - дейді Петропавл қаласы полиция басқармасының кавалерия взводының командирі, полиция старшинасы Жақсылық Қожелдақов. 

Оның айтуынша, азаматтар денсаулықтарын сақтап, өздерін оқшаулауы тиіс. Пандемия өршіп тұрғандықтан бір жерде үш адамнан артық жиналмау, екі метрдей ара қашықтықты сақтау қажет екенін еске саламыз. СҚО Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, үйден тек жұмысқа, жақын маңдағы дүкен мен дәріханаға шығуға, сондай-ақ қоқыс шығаруға болады. Саяжайлар бұл тізімге кірмейді. Сондықтан басыңызды қатерге тігіп, тәуекелге барудың қажеті жоқ».

Бұл жерлерде су тасқыны да болу қаупі бар. Саяжай учаскелеріне су кенеттен келіп қалуы мүмкін болғандықтан күзетшілер үнемі сақ болуы тиіс.

Салт атты сақшылардың бағыттары 17 саяжай қоғамдастықтарының аумағы арқылы өтеді. Коронавирус бойынша жарияланған төтенше жағдай режіміне байланысты саяжай маусымы кейінге шегерілді. Дегенмен де, саяжай ұрлықтарын болдырмау маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Саяжай учаскелері бау-бақша маусымы аяқталғанша тәртіп сақшыларының бақылауында болады.

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20