Коронавирус • 09 Сәуір, 2020

764 науқас: Вирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы 2020 жылғы 9 сəуір сағат 14:55-тегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

764 науқас: Вирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 адам тіркелді, олардың ішінде: Алматы қ. – 1, Маңғыстау облысы – 1, Атырау облысы – 3.

Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 764 жағдай тіркелген.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 223 адам, Алматы қаласында – 121 адам, Қарағанды облысында - 57 адам, Ақмола облысында - 56 адам, Атырау облысы - 42 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 27 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 7 адам, Қызылорда облысында - 92 адам, Батыс Қазақстан облысында - 4 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 764 науқас тіркелді.