LetsGoDigital порталы аппараттың патенттік құжаттамасы негізінде жасалған сапалы рендерлерін жариялады. Суреттерден дисплейдің тек екі жағы ғана емес астыңғы және үстіңгі жақтары доғалданғаны көрінеді.
Селфи түсіретін фронтал камера қайда кетеді десек, инсайдерлер пікірінше ол дисплей астына жасырылуы мүмкін. Сонымен қатар саусақ ізімен ашу қызметін атқаратын дактилоскопиялық сканер де осындай прициппен орналастырылады.
Әзірге құрылғы патент түрінде ғана белгілі болып отыр. Оның нарыққа шығуы қашан екендігі белгісіз.