Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Дәрігерлер демалыс базасында тынығады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық дәрігерлердің коронавирус індетімен күресін бейне бір майдан даласына да теңестіруге болады. Жан алысып, жан берісумен пара-пар осындай қауырт іс-қимылдардың бел ортасында ақтөбелік медицина қызметкерлері де жүр. Олардың дені тәулікке созылатын тынымсыз кезекшіліктен кейін үйлеріне бармау жөнінде ұйғарым жасаған. Әрине, жұмыс орында қала беру жөніндегі шешім мәжбүрліктен және отбасы мүшелеріне вирус жұғып кетуі мүмкін ау деген қауіптен туындағаны хақ.

Дәрігерлер демалыс базасында тынығады

Қазір өңірдегі инфекциялық, провизорлық және карантиндік госпитальдар мен ауруханаларда қарбалас көрініс шектен тыс көбейіп кеткені мәлім. Нағыз «смольныйдың» өзі дерсіз. Мұндай жағдайда көз шырымын алуға да мүмкіндіктер бола бермейді. Сондықтан Сreenland демалыс базасының әкімшілігі облыс орталығындағы 3 госпитальдің медициналық қызметкерлеріне демалыс бөлмелерін ұсынып отыр. Аталған орталықты ңжетекшілері мұнда дәрігерлерге жұмыстан тыс кезңнде демалыс шараларын ұйымдастыру жөнінде арнайы іс-жоспар құрыпты.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша бұған дейін стационарлық емдеу мекемесінен шығуға мүмкіндіктері болмаған медицина қызметкерлері базада алаңсыз тыныға алады. Сондай-ақ мұнда денсаулық сақшылары құнарлы әрі жұғымды тағам түрлерімен қамтылған. Қауіпсіздік пен сақтандыру шараларын орындау мақсатында оларды арнайы жабдықталып, дизенфекциядан өткізілген көлік демалыс базасына алып келіп, кейін медицина мекемесіне жеткізеді.