Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. «Бастапқыда мәліметтерді тексерудің және өтініштерді қараудың мерзімі жеті жұмыс күні ішінде белгіленді. Төлемдерді тағайындау процесін жеделдету үшін өтініштерді қарау мерзімі үш жұмыс күніне дейін қысқарды. 8 сәуірдегі 3,1 миллион қоңыраулардың 1,3 миллионы – бір-бірін қайталайтын өтініштер болды» дейді баспасөз бөлімі таратқан хабарламада.
Министрлік барлық өтініштер әртүрлі мәліметтер базасында бірнеше параметрлер бойынша мұқият тексерілгендігін түсіндірді. Сонымен, аты-жөні, ЖСН, банктік шот нөмірі, еңбек қызметі туралы мәліметтер мұқият тексерілетінін де ескертті.
«Мәліметтерді тексеру кезінде фактілер анықталды, оған 42,5 мың теңге алуға құқығы жоқ адамдар, соның ішінде жұмыс істейтін азаматтар да ұсынған. Сонымен қатар, қайтыс болған адамдар немесе шетелде тұратын адамдардың атынан өтініштер түскені де анықталды. Мұндай өтініштерді әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ешқашан қатыспаған және ешқандай шегерімдер жасамаған азаматтар жібереді. 405 мыңнан астам осындай фактілер анықталды», деп хабарлады департаменттен.
«Өтініштердің қайталануын анықтау және оларды жою үшін берілген 3,1 млн өтінімнің әрқайсысы бойынша деректерді мұқият тексеру қажет», делінген мәтінде.
Сонымен бірге, министрлік тұрғындардан үш күн өткеннен кейін төлем туралы хабарлама алмаса, алаңдамауын өтінді. «Өтініштерді қарау мерзімі ұзаруы мүмкін», - деп атап өтті ведомство.