Фронт-кеңселердің қызметі мемлекет пен халық арасындағы кедергілерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты барынша болдырмауға бағытталған. Аймақ басшысы орталық жұмысымен танысып, қызмет көрсету сапасына назар аударды. Сондай-ақ, кеңсе қызметкерлерімен сұқбаттасып, қазіргі төтенше жағдай кезеңіндегі жұмыс жүйесімен танысты. Мұндай фронт-кеңселердің бүгінге дейін Қостанай, Рудный қалалары мен Бейімбет Майлин, Амангелді, Әулиекөл, Денисов, Жангелдин, Наурызым аудандарында ашылған еді. Көмек алаңдары қазіргі уақытта қарқынды жұмыс атқаруда. Дәл осындай кеңселерді жыл аяғына дейін өңірдің қалған аудандарында да ашу жоспарланған.
Қостанай облысы