Үшінші мегаполисте қашықтықтан білім беру бойынша 187 640 (84,5%) оқушы Республикалық «Балапан» және «Еларна»телеарналары арқылы білім алуда. Жергілікті телеарналар арқылы бейне сабақтарды көрсету жұмыстары ұйымдастырылып, «Bilimland.kz», «Дарын Онлайн»сияқты интернет платформаларын 118 740 (53,7%) оқушы қолдануда.
Білім беру ошақтарында онлайн сабақтарды «google class», «edu page» бағдарламалары арқылы - 15 954 (7,2%) білім алушы тиімді пайдаланған.
Сонымен қатар, «WhatsApp» мессенжері арқылы барлық мұғалімдер оқушылармен кері байланысқа шығып, «Күнделік», «Ай мектеп» электронды журналдарында бақылануда. Нәтижесінде, 166 мектептің «Күнделік» электронды журналына кіруі - 93,5 %, 6 мектеп бойынша «Ай мектепті» қолдану көрсеткіші - 61,8%-ды құрады.
Қаладағы 30 364 аз қамтылған отбасы балаларының ішіндегі компьютерді қажет ететін 17 616 оқушыға мектептердегі компьютерді уақытша пайдалануға беріп, интернет мәселесі білім ұйымдарындағы қаржы есебінен шешімін тапқан.
Оқушылардың 96,7%-ы әртүрлі мобильді байланыс арқылы интернетке қосылған. Ол - 214 613 оқушы. Қала мектептеріндегі барлық 17 253 мұғалім электронды құрылғылар мен интернет желісін қамтамасыз етілген. Білім басқармасы тарапынан бір көзден сатып алу жүйесінде 2 250,0 млн.тг. қаржыға 9000 компьютер сатып алу жұмыстары жедел қарастырылуда.
Шымкент