Технология • 10 Сәуір, 2020

Құрмашев жасаған қосымша

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық 11-сынып оқушысы Эльдар Құрмашев KazMessage мобильді қосымшасын жасап шығарды. WhatsApp мессенджерінің баламасы саналатын бұл бағдарлама смартфондарға арналған Android операциялық жүйесінде қолданылады.

Құрмашев жасаған қосымша

Ол биыл Атырау қаласын­дағы Ә.Жангелдин атындағы орта мектепті  бітіргелі отыр. Жақында өзі ойлап тапқан KazMessage қосымшасын  Playmarket-ке орналастырды. Қосымшаны он күннің ішінде 120 адам ұялы телефонына жүктеп алған.

– КazMessage қосымшасын 55 тілде қолдануға болады. Түнгі режімі де бар. Басқа бағ­дарламалардан бір ерекшелігі, телефоныңызды жоғалтсаңыз,  арнайы белгіленген 30 сан ар­­қы­лы қосымшаны басқа құ­рылғыға жүктеп, контак­тілер­дің смс-хаттары мен сурет, ви­деоларын жүктеп алуға бола­ды. Әр адаммен бай­ла­нысу­ға бөлек әуен қоюға бола­ды. Бір топқа 250 адамды тір­кей аласыз. Оны барлық қазақ­стандық пайдаланғанын қалай­мын. Білікті ІТ мамандары көмек­тессе, қосымшаны жетіл­діріп, қолданыс аясын кеңей­тер едім. Бұл қосымшаны ин­форматика пәнінен ғылыми жо­бамда тереңірек зерттеп жүрмін, – дейді Елдар Құрмашев.

Жаңалыққа құмар оқушы жаңа қосымшаны App Store, Windows бағдарламаларына қолдану нұсқасын іздестіруде. Бірақ, осы жоба арқылы пайда табуды көздемепті. Бесінші сыныптан бері ІТ саласына қызығып, бастапқыда бұзыл­ған компьютер құрылғыларын жөндепті. Кейін интернет-дүкендер ашқан.

– Менің мақсатым – қазақ­стандық бренд қалып­тастыру. Қазақ жастарының осындай жаңашыл бағдар­ламаларды ойлап таба алатынын дәлел­дегім келді. Болашақта қосым­шаның арнайы сайтын ашып, авторлық құқық алуды ойлас­тырып жүрмін, – дейді ол.

 

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

 

Атырау облысы