Руханият • 10 Сәуір, 2020

Жауынгерлік даярлыққа нұқсан келмейді

173 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирус ин­фекциясы таралуының алдын алуға қатысты іс-шараларға әс­ке­рилер де қатысып, нысандарды дезинфекциялап, блок-бе­кет­­­терде кезекшілік атқарып жүр. Ал әскери қызметшілердің қа­уіп­­сіздігі, сонымен қатар Қарулы Күштер жауынгерлік қабі­лет­­ті болу үшін не істеу керек? Бұл сұраққа еліміздің Қарулы Күш­­тері Бас әскери-медициналық басқармасының бас­ты­ғы, м­е­ди­цина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаев тө­мен­де­гі­ше жауап берді.

Жауынгерлік даярлыққа нұқсан келмейді

– Ең алдымен, бұл ағарту жұмысы екенін айта кету керек. Барлық әскери қызметшілер коронавирустың қандай қауіпті және оны жұқтырудың алдын алу жолдары қалай екенін біледі. Санитарлық бақылау және өңдеу шаралары арттырылады. Қызметтік бөлмелер мен казармаларды күнделікті дезинфекциялау қалыпты жағдайға айналды. Бүгінгі күні әскери бөлімдерде жеке тазалық үшін дезинфекциялық құралдар бəрі үшін қол жетімді. Сондай-ақ әрбір әскери қызметшінің денсаулық жағдайына үлкен көңіл бөлінеді. Біздің барлық медицина қызметкерлері жеке құрамның көңіл күйіне үздіксіз бақылау жүргізіп отырады.

– Қашықтан жұмыс істеуге көшу жоспарда бар ма?

– Жоқ. Әскери қызметшілер қашықтан жұмыс істеуге көш­пей­ді. Олар карантин туралы айтпағанда, тіпті әскери іс-қимылдар жағдайында да өз міндеттерін орындауы керек. Жауынгерлік даярлық еш­қан­дай жағдайда да нұқсан келмеді. Бірақ бізде бүгін көптеген адамның жиналуы­на байланысты жаппай іс-шаралар тоқтатылды. Әскери қызметшілердің бір бөлігі кестеге сәйкес демалысқа жіберілді. Жауынгерлік даяр­лыққа байланысты емес міндет­терді, кеңсе қызметтерін орын­дай­тын азаматтық персонал қашық­тан, яғни үйде жұмыс істейді. Күн сайын әскери бөлім­дерден тысқары шы­ғатын келісімшарт бо­йынша әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы бөлімде тәулік бойы болатын мерзімді қызмет әскери қызметшілерден бөлек жүзеге асырылады. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және әскери оқу орындары курсанттарын босатуға жəне олардың туыстары мен жақындарына баруға тыйым салынады. Бірақ олармен қарым-қатынас жасау үшін смартфондарды пайдалану мүмкіндігі кеңейтілді. Ата-аналар тыныш­тығы басты назарда болып отыр.

– Басшылық құрамның қауіпсіздігі үшін қосымша шаралар қабылдана ма?

–  Жоқ, барлық әскери қызмет­шілер үшін кешенді іс-шаралар штаттық режімде жүзеге асырылады: дезинфек­ция, санитарлық өңдеу, жеке тазалық ережелерін сақтау бойынша ұсыныстар да қарастырылады. Бірақ барлық кеңестер тек селекторлық ре­жім­де өткізіледі. Бұдан басқа, Қорғаныс министрінің өзара алмастырушы басшылары мен орынбасарлары арасындағы тікелей байланыс­тар алынып тас­талды. Осыған ұқсас ережелер Қорғаныс министрлігінен жеке әскери бөлімге дейін басқарудың барлық деңгейлерінде енгі­зіл­ді. Бұл сақтық шарала­ры мемлекеттік қажеттілік мақ­са­тында ұйымдастырылған Қа­рулы Күштердің үздіксіз жұ­мыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жағдайда жа­уынгерлік қабілеттілікті сақ­тау – әскери ғылым мен тəжі­ри­бесінің талаптарының бірі болып саналады. Осы іс-әре­кет­тер алгоритмі алдын ала қа­рас­­­­­­тырылған және қазір іске асы­­рылды.

 

Әңгімелескен

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,

 «Egemen Qazaqstan»