Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Жаркент кәсіпкерлері тағы 1800 отбасыға көмек көрсетті

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында «Біз біргеміз» акциясы жемісті жалғасуда. Аймақтағы аудандарда қайырым жасау ісі жиі қайталанып, мұқтаж жандардың қуанышын еселеп жатыр. Мысалға, жақында Жаркент қаласындағы екі мыңға жуық отбасыға азық-түлік таратылды.

Жаркент кәсіпкерлері тағы 1800 отбасыға көмек көрсетті

Төтенше жағдай кезінде аудан тұрғындарына қолдау көрсетуге жергілікті кәсіпкерлер Закиржан Кузиев пен Серік Ақсубаев 15 миллионға жуық қаражат бөлген екен. 1800 отбасыны қамтыған қайырымдылық шарасына Закиржан Кузиев басқаратын «Жаркент крахмал-сірне» зауытының қызметкерлері де қамтылған. Бұл өндірісте 1200 шамасында дам жұмыс істеуде. Төтенше жағдайға қарамастан кәсіпорын жұмысы ақсаған жоқ.

-«Біз біргеміз» акциясы аясында аудандағы кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Бұған дейін жеті жүзге  жуыққа көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Бұл жолы 1800 әулетке әлеуметтік пакет таратылды. Осындай қысылтаяң сәтте тұрғындарға қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге алғыста нбасқа айтарымыз жоқ, - дейді Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев.

 

 

Алматы облысы