Спорт • 10 Сәуір, 2020

Спорттық гимнастикадан Түркиядағы Әлем кубогы кезеңі өткізілмейді

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) коронавирусқа байланысты Түркиядағы турнирді өткізбейтін болды деп жазады Olympic.kz.

Спорттық гимнастикадан Түркиядағы Әлем кубогы кезеңі өткізілмейді

26-28 маусым аралығында спорттық гимнастикадан Түркияның Мерсин қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңі өткізілмейді. Сондай-ақ Болгарияның Варна (14-17 мамыр) және Египеттің Каир (5-8 маусым), сондай-ақ Хорватияның Осиек (18-21 маусым) қаласында өтуі тиіс жарыстар да кейінге шегерілді. Ал Словенияның Копер қаласында өтетін турнир 11-14 маусымға жоспарланған.

Сонымен қатар Халықаралық гимнастика федерациясы кеше 2021 жылға жоспарланған спорттық гимнастикадан және батуттан секіру бойынша әлем чемпионаты өз уақытында өтетінін мәлімдеді.