Біраз уақытқа созылған сәтсіздіктерден кейін бұл компания жаңа деммен іске кірісіп отыр. Оның алғашқысы дизайн жаңартуды қолға алу. Қай смартфонды алып қарасаңыз, кейде ыңғайсыздық тудыратын шығыңқы камералар көресіз. LG компаниясы бұл принциптен бас тартып өзінше басқадай бір жол ұсынуда.
Жаңбыр тамшысына ұқсайтын «Raindrop» концепциясы бойынша смартфонның арт жағындағы камералар мен жарқылдақтар кішірею принципі бойынша орналасқан. theverge.com порталының ұсынған рендер суреттеріне қарасаңыз, әлдебір үйлесімділік пен әдемілікті байқайсыз.