Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Тілсіз жауға тізгін бермеу керек

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 118 өрт болып, онда 15 адам қаза болып, тағы үшеуі күйік алған. Бұл туралы журналистерге ТЖ департаменті бастығының орынбасары, полковник Нұрлан Атығаев айтып берді.

Тілсіз жауға тізгін бермеу керек

Бірақ осының өзі былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда төмендеу екен. «Биыл өрт саны 30 пайызға төмендеді, зардап шеккендер саны да азайған. Бірақ өлгендер саны былтырғыдан бес есе артты», деді ол.

Маманның айтуына қарағанда өрттердің шығуының негізгі себебі пеш орнатуда жіберілген қателіктер. Өрт қауіпсіздігін сақтауды көптеген тұрғындар білмейді. Сонымен қатар электрмен жылытылатын пештерді орнатуда да қателіктер жіберіледі.

«Шыққан өрттердің арасында ең аяныштысы - биылғы Айыртау ауданындағы Арықбалық ауылындағы от болды. Онда 1963 жылғы үй иесі мен оның 1973 жылы туған әйелі көз жұмды», деді Н.Атығаев.

Одан әрі өрт сөндірушілер бастығы халықты өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырды. Әрбір адам бықси бастаған өрттің маңынан бейжай өтпей, қолындағы телефонымен 103 нөміріне хабарласа салса, қасіретті жағдайлар аз болар еді, деді ол.  

Сонымен бірге Н.Атығаев көктемгі егіске алқапты дайындау үшін қойылатын өрттердің қауіпсіздігі туралы да айтты. Ондайлардың кесірінен туындаған бірнеше өрттердің мысалдарын да жеткізді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы