Елімізде бастау алған «Мейірімді ауылдастар» акциясы аясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен тұрғындар тарапынан тігілген 4000 бетперде Тұрар Рысқұлов ауылында халық көп шоғырланатын «Халық банкі», «Қазпошта», аудандық орталық емхана және бірқатар ірі сауда орталықтарында таратылды.
Игі іске аудан тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтуда. Алдағы уақытта осындай игі іс ауданның өзге елді мекендерінде жалғасын табатын болады.
Түркістан облысы