Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Қарағандыда COVID-19 жұқтырғандардың саны 61-ге жетті

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағанды облысында тағы төрт адамның  COVID-19 жұқтырғаны зертханалық негізде расталды.

Қарағандыда COVID-19 жұқтырғандардың саны 61-ге жетті

Қазіргі уақытта науқастар оқшаулау бокстарына орналастырылып, ем алып жатыр. Олармен қандай да бір байланысты болған адамдар анықталып, олардың медициналық бақылауға алу жұмыстары жүргізілуде. Ауру ошақтарына дезинфекция жасау қолға алынған.

Сондай-ақ, жақсы жаңалықтың да бар екенін айту керек. Коронавирус жұқтырған екі науқас бүгін жан сақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер олардың жағдайының жақсарғанын атап өтіп, қарқынды терапия қажет емес деп санайды.

 

Қарағанды облысы