Қоғам • 10 Сәуір, 2020

Mastercard қолдану мерзімі өткен карталарды пайдалануға болатынынын айтты

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Mastercard әрекет ету мерзімі өтіп кеткен карталарға қызмет көрсетуді жалғастыру мүмкіндігі туралы Қазақстандағы серіктес банктерге ресми хат жолдады.

Mastercard қолдану мерзімі өткен карталарды пайдалануға болатынынын айтты

Mastercard ережелері мерзімі өтіп кеткен карталар бойынша төлемдерді өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл әр түрлі себептермен қайта шығарылған картаны алу үшін банкке бара алмайтын карта пайдаланушыларға қолайлы.

«Біз қазір барлығы адамдарға қолдау көрсету жолдарын іздейтініне сенімдіміз, сондықтан банктерге мерзімі өтіп кеткен карталар бойынша операция жүргізуден бас тартпауға кеңес береміз. Бұл шешім эмитенттер тарапынан да, банк-эквайерлер тарапынан да банктер мен карта пайдаланушылар үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейі кезінде операцияларды дұрыс өңдеуді қамтамасыз етуге белгілі бір іс-әрекеттер мен баптауларды жүргізуді талап етеді»,  деп атап өтті Қазақстандағы Mastercard-тың жаңа бас директоры Рафал Трэпка.

«Қолма-қол ақшасыз төлем біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Біз өз тарапымыздан Қазақстанда банк картасында қарастырылған технологиялар мен артықшылықтардың қол жетімді болуын қамтамасыз етеміз. Оның ішінде карта пайдаланушылардың төлем жасау жолдарын таңдау еркіндігі бар. Ол сондай-ақ күнделікті мәселелерді шешуде адамдарға қосымша қолдау көрсетеді»,  деп қосты Рафал Трэпка.