Қазақстан • 10 Сәуір, 2020

ҚМДБ бір апта ішінде 5 957 отбасыға көмек көрсетті

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМДБ бір апта ішінде 5 957 отбасыға көмек көрсетті

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада қайырымдылық шарасын өзі бастап, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып, оларға насихатын жеткізген болатын.

«Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Мен жұртымызға жолдаған Үндеуімде карантин кезінде үмітсіздікке бой алдырмай, сауапты амалдар мен қайырымдылық шараларға үлес қосуға шақырдым. Біз қашан да өзгелерге қайырымдылық жасап, жан-жағымызға шуағымызды төгіп, шарапатымызды тигізіп, адамның алғысын алып өсіп-өнген елміз. Сындарлы сәтте бір-бірімізге жылы сөз айтып, жабыққан жандарға көмектесудің сауабы мол. Осынау сауапты іске үлес қосқан барша дін қызметкерлері мен демеуші азаматтарға риясыз ризашылығымды білдіремін» дейді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, қайырымдылық акциясы республика деңгейінде жүзеге асқан. Азық-түлік пен тұрмыстық заттарға кеткен қаражат мөлшері – 25 015 950 теңге. Бұл бастама жалғасын таба бермек