Альварестің сөзінше, жекпе-жектің уақытын айтпастан бұрын, коронавирус пандемиясының аяқталғанын күту керек. Өйткені екі боксшының да айқастарын тікелей эфирде көрсететін DAZN стримингтік сервисі бүкіл трансляцияларын шілдеге дейін тоқтатқан.
«Мен бүгінге дейін Головкинмен 24 раунд жұдырықтастым. Егер, бизнес тұрғысынан қарайтын болсақ, үшінші айқас мен үшін өте пайдалы деп есептеймін. Дегенмен жекпе-жек туралы айтуға әлі ерте. Себебі қазір барлығы пандемияға байланысты тоқтап тұр. Бізден талап ететін бірден-бір нәрсе, осы жағдайдың аяқталғанын күту», дейді ол.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес шаршы алаңда екі рет кездескен. 2019 жылғы бірінші айқас тең нәтижемен аяқталған болса, бір жылдан кейінгі екінші кездесуде «Канело» төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен-ді.