Спорт • 10 Сәуір, 2020

Максим Бурсак Головкинмен жұдырықтасқысы келеді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта күш сынасып жүрген Украинаның танымал боксшысы Максим Бурсак Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлімедеді.

Максим Бурсак Головкинмен жұдырықтасқысы келеді

-Орта салмақта мықтылар көп. Солардың арасынан Хасан Н'Жикам, Крис Юбэнк, Мартин Маррей және Геннадий Головкинмен күш сынасқым келеді. Әрине, GGG-мен шаршы алаңда кездесуге мүмкіндік берілсе, тамаша болар еді. Қазіргі кезде ол DAZN-мен келсімшартта. Ал бұл дегеніңіз өте көп ақша. Сәті келіп жатса, Қазақстанның өкілімен кездесер едім. Бұл керемет бір жекпе-жек болар еді, - дейді ол.

Максим Бурсак 1984 жылы Киевте дүниеге келді. 2004 жылдан бері кәсіпқой рингте өнер көрсетуде. Сол аралықта 41 кездесу өткізіп, 36 рет жеңіске жетті. 16 қарсыласын нокаутқа жіберді. Алты рет ұтылып, тағы екі бәсекеде тең есеп тіркелді.