Спорт • 10 Сәуір, 2020

UFC турнирі өтпейтін болды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 сәуірге жоспарланған ережесіз жекпе-жек шеберлерінің UFC турнирі өтпейтін болды. Бұл жарыстың басты бәсекесінде АҚШ-тың қос мықтысы – Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи айқасуға тиіс еді.

UFC турнирі өтпейтін болды

 

Алғашында жекпе-жек ресейлік Хабиб Нұрмагомедов пен Тони Фергюсон арасында өтуге тиіс еді. Дағыстанның өрені жекпе-жектен бас тартқаннан кейін оны Гэтжи алмастырды. Сол кездері кұллі әлемде коронавирус індеті өршіп, көптеген мемлекеттерде спорттық жарыстарды өткізуге тыйым салынды. Бірақ UFC президенті Дана Уайт мен айтулы турнирді қалай да ұйымдастырамын деп біраз арам тер болды. Спорт саласының басы-қасында жүрген азаматтар оның бұл әрекетін сынға алып, тіптен «Арзан абырой жиып, мол көлемде ақша табу үшін Уайт ештеңеден тайынбайды. Оның құлқын тесіп бара жатқан сол» деп те айыптады.

 

Десек те күні кеше 18 сәуірге жоспарланғанжарыстың өтпейтіні белгілі болды. «Миллиондаған жанкүйер тағатсыздана күткен турнирді қалай да ұйымдастыру үшін мен барымды салдым. Бірақ жоғары жақтан маған үлкен адамдар хабарласып, өтініш жасады. Солардың айтқанына көнбеске болмады, дейді Дана Уайт.