06 Қыркүйек, 2013

Тестілеу – біліктілікті анықтаудың тиімді тетігі

240 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің оныншы отырысы болып өтті.

Елбасы Парламенттің үшінші сессиясын ашардағы сөзінде Қазақстанда мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі жасақталғанын айтып өткен-ді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Сараптамалық кеңес төрағасы Әлихан Байменов осы ретте қазақстандық үлгі ең озық дамыған елдер сарапшылары мен мемлекеттік органдарының жоғары бағасын алып жатыр дегенді баса айтты.

Кеше Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің оныншы отырысы болып өтті.

Елбасы Парламенттің үшінші сессиясын ашардағы сөзінде Қазақстанда мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі жасақталғанын айтып өткен-ді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Сараптамалық кеңес төрағасы Әлихан Байменов осы ретте қазақстандық үлгі ең озық дамыған елдер сарапшылары мен мемлекеттік органдарының жоғары бағасын алып жатыр дегенді баса айтты.Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісін қалыптастыру бағытында 12 Жарлық қабылданып, тағы бесеуі тиісті органдар тарапынан келісілгеннен кейін Үкімет қарауына енгізілген. Сөйтіп, мемлекеттік қызмет саласының заңнамалық базасы жан-жақты жасақталып, әлі де жетілдірілетін болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет саласында Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің уәкілетті органдарымен меморандумдарға қол қойып, Мемлекеттік қызмет істері академиясы мен Персоналдарды басқару орталығының халықаралық ынтымақтастығы кеңейе түскен. Бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кез келген мемлекеттік органның конкурстық комиссиялары отырыстарына байқаушы ретінде қатыса алады. Бұдан басқа, лауазымды тұлғаның кадрлық шешімдер үшін жауапкершілігі арттырылған.

Заңсыз кадрлық шешім ұғымы енгізіліп отыр, деп сөзін сабақтаған Сараптамалық кеңес төрағасы мемлекеттік қызметтегі таланттарды басқару жүйесін құру көзделгендігімен де бөлісе кетті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау, оларды оқыту арқылы біліктілігін арттыру қолға алынған. Қазан айының басында «А» корпусына жататын лауазым иелеріне арнап семинарлар өткізіледі деп күтілуде. Осы орайда, мемлекеттік қызметшілерді тестілеу жүйесі барынша жетілдірілгені атап өтілді. Алдағы аптада тестілеуді мәселесімен айналысатын компания жұмысына кіріскелі отыр екен.

Сараптамалық кеңестің жұмыс шеңберінде «Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесін (БАЖ) құру туралы» баяндаманы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары Оңғарбай Дәнебеков жасады. Ал «Мемлекеттік қызметшінің электрондық паспорты – «е-қызмет» жүйесінің ақпараттық бірлігі» жөнінде Павлодар облысы әкімі аппаратының «Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының» директоры Гүлнара Исенова баяндап берді.

Жалпы, Сараптамалық кеңес өзінің отырысында мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жетілдіру және біріктірілген ақпараттық жүйемен барынша қамту мәселелерін жан-жақты талқыға салды. Алда да бірқатар жұмыстардың атқарылары белгілі болып отыр.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар