Спорт • 10 Сәуір, 2020

Валерий Газзаев: Депутаттар бір айлық еңбекақыларын дәрігерлерге берсін

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда «Әділетті Ресей» партиясының жетекшісі Сергей Миронов депуттарға сәуір айының еңбеқақыларын толықтай дәрігерлердің есепшотына аударайық деген ұсыныс білдірген болатын.

Валерий Газзаев: Депутаттар бір айлық еңбекақыларын дәрігерлерге берсін

Жоғарыдағы ұсынысты Ресей Мемлекеттің Думасының депутаты Валерий Газзаев алғашқылардың бірі болып қолдады. «Қазіргі кезде кәсіпқой спорттың барлық түрінде еңбекақыны қысқарту процессі жүріп жатыр. Біз де қарап қалмауымыз керек. Коронавируске қарсы бірігіп күресуіміз қажет. Бұл - біздің азаматтық парызымыз. Қандай фракцияның мүшесі болғанына қарамастан депутаттардың ешқайсы осындай игі істен қалыс қалмайды деп ойлаймын», - дейді Валерий Георгиевич.

 

65 жастағы Владикавказ қаласының тумасы кезінде КСРО-ның бірқатар клубтарында ойнады. 1980 жылы КСРО-ның олимпиадалық құрамасы сапында Мәскеу Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Жастар құрамасымен бірге екі рет Еуропа біріншілігінде бас жүлдені олжалады. Бапкерлік кәсіпте де Валерий Газзаевтың бағы жанды. Әсіресе, ол Мәскеудің ЦСКА клубымен бірге көптеген белестерді бағындырды.