Спорт • 11 Сәуір, 2020

Көш басында - Уэйн Гретцки

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы 53 жылда Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) өнер көрсеткен ең үздік орталық шабуылшылардың рейтингі жарияланды.  Бұл көшті – Уэйн Гретцки бастап тұр.

Көш басында - Уэйн Гретцки

Келесі жылдың қаңтар айында 60 жылдық мерейтойын тойлағалы отырған Уэйн Гретцки Канаданың Онтарио провинциясының тумасы. 1978-1999 жылдар аралығында «Эдмонто Ойлерз», Лос-Анджелес Кингз», «Сент-Луис Блюз» және «Нью-Йорк Рейнджерс» клубтарында ойнаған ол көптеген рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Анықтап айтсақ, Гретцкиге 61 рекорд тиесілі. Сол нәтижелерінің көбінің әлі мұрты бұзылмай тұр.

Сондай-ақ «ТОП-10» орталық шабуылшылардың тізіміне Марио Лемье, Марк Мессье, Синди Кросби, Стив Айзерман, Фил Эспосито, Джо Сакич, Брайан Троттье, Марсель Дионн және Рон Фрэнсис сынды саңлақтар еніп отыр.