Football London басылымы таратқан мәліметтерге сенсек, бұл бәсекелер шілде айында басталып, тамызда мәреге жетуге тиіс. Алайда матчтар көрерменсіз өтеді. Осындай қолайсыздыққа қарамастан Англия Премьер-лигасында өнер көрсететін командалардың басым көпшілігі жоғарыдағы талаптарға мойынұсынып отыр. Олар биылғы жылғы Англия чемпионаты қалай да аяқталуға тиіс деп есептейді.
Қазіргі кезде Премьер-лигада «Ливерпуль» қарсыластарынан қара үзіп кетті. 19 кездесуден кейін олар 82 ұпай жиып отыр. Енді Юрген Клоптың командасын ешкімнің қуап жете алмасы анық. Екінші орындағы «Манчестер Сити» 57 ұпай жиды. Үшінші орынға «Лестер» табан тіреп тұр. Олардың еншісінде – 53 ұпай.