Экономика • 11 Сәуір, 2020

ОПЕК + мүше елдері мұнай өндіруді азайтуға келісті

453 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы кеше түн ауа  Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак мәлімдеді, деп хабарлады РФ  Энергетика министрлігінің баспасөз бөлімі.  

ОПЕК + мүше елдері мұнай өндіруді азайтуға келісті

Кеше  түнде  А.  Новак «Россия 24» тілшісіне берген  сұхбатында келісімге 23 ел қатысқанын айтты.

«Барлығы мамыр және маусым айларында ОПЕК және оған енбейтін елдер өндірісті тәулігіне 10 миллион баррельге қысқартуға келісті. Келесі жарты жыл ішінде біз өндірісті тәулігіне 8 миллион баррельге дейін қысқартамыз. Бұл келісім екі жылға жарамды, 2021 жылы келісімдегі параметрлер тәулігіне 6 миллион баррель деңгейінде белгіленді»,  деп түсіндірді  А. Новак.

А. Новактың айтуынша келісім 2022 жылдың 1 мамырына дейін жарамды.  

«Екі жыл – бұл нарық үшін сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қалпына келтірудің маңызды ниеті туралы сигнал беретін ең тиімді кезең екендігі туралы келісімге келдік. Бұл кезеңді ұзартуға, нарық тезірек қалпына келген жағдайда, өндірісті қысқа мерзімде қалпына келтіру туралы шешім қабылданды», – деп толықтырды Новак.

Сонымен бірге, ТАСС-тың хабарлауынша, Америка Құрама Штаттары Мексикаға мұнай өндірісін азайтуға көмектеседі. Оңтүстік Америка елі өндірісті тәулігіне 100 мың баррельге, ал Америка Құрама Штаттары күніне 250 мың баррельге қысқартады. Жалпы, Солтүстік Америка елі қара алтын өндірісін тәулігіне 2 миллион баррельге азайтуды жоспарлап отыр.

G20 келіссөздері аясында Brent маркалы мұнай бағасы сауданың жабылуында 31,82 долларды құрады. Алайда, кешке бағалары барреліне 35 доллардан жоғары көтерілді, бірақ көп ұзамай орташа деңгейге қайта оралды.
Сонымен бірге, ОПЕК Бас хатшысы Мохаммед Баркиндо болжамы бойынша, сәуірде әлемде мұнай тұтыну күніне 20 миллион баррельге дейін рекордтық деңгейде төмендейді.  2020 жылға қарай орташа жылдық құлдырау тәулігіне 7 миллион баррель болады.

ОПЕК мәліметтері бойынша,  мұнай қоры максималды 3900  млн баррель деңгейінде көбейеді деген болжам бар. Жылдың аяғында олардың деңгейі 3700 миллион баррельден асуы мүмкін.

Бұған дейін Бас хатшы Баркиндо мұнайға сұраныстың бұрын-соңды болмаған төмендеуін болжаған болатын. Сол күні ОПЕК + елдері өндірісті қысқарту туралы келісімді 10 сәуірге дейін кейінге қалдырды. Оған Мексиканың өндірісті тәулігіне 400 мың баррельге қысқарту туралы келіспеушілігі себеп болды. Алайда, алдын ала келісім бойынша, елдер өндірісті тәулігіне 10 миллион баррельге қысқарта алады.