Ал Италияда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 961 адам тіркелді.
Бұл елде вирусты жұқтырғандар саны — 147 577. COVID-19-дан тағы 570 адам көз жұмды. Барлығы 18 849 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Сондай-ақ, 1 985 адам жазылып шықты, ал жалпы сауығып шыққандар саны — 30 455.
Көршіміз Қырғызстанда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 41 жаңа жағдай тіркелді, олардың 12-сі – медицина қызметкерлері. Бұл туралы сол елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадемин Каратаев мәлім етті.
Оның айтуынша, Бішкек қаласынан 8 дәрігер, Нарын облысынан 1, Ош облысынан 3 дәрігер вирус жұқтырған. Елде COVID-19 вирусын жұқтырған дәрігерлердің жалпы саны 51 адамға жетті. Қырғызстанда бүгін таңертеңгі мәлімет бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 339 жағдай тіркелген. Бес адам вирустан көз жұмған.