Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Түркістанда Нью-Йорк баспалдағы салынуда

615 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында ашық аспан астында өтетін думанды мерекелерге арналған жаңа алаң, дәлірегі Есімхан алаңында әлемге әйгілі Нью-Йорк баспалдағы салынуда.

Түркістанда Нью-Йорк баспалдағы салынуда

АҚШ-қа жолы түспеген түркістандықтар бұл нысанның пайдаланылуға берілуін асыға күтуде. «Нью-Йорк баспалдағы» атауын әлден иеленген ерекше дизайнды демалыс орнында «Open Space» үлгісіндегі іс-шаралар, сан алуан сайыстар мен фестивальдер өткізілмек. Түркістандықтар мен өңір қонақтары үлкен экранда тегін фильмдер мен футбол ойындарын тамашалай алады. Ашық сахналы, айналмалы баспалдақты демалыс орнының биіктігі – 4,5 метр, ені – 11 метрге есептелген. Ерекше сәулетті нысан жастар мен туристердің сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз. 

Айта кетелік, Түркістан қаласында құрылыс жұмыстарының қарқыны бәсеңдеген жоқ, жоспар бойынша жүріп жатыр. Құрылысшылар еңбек қауіпсіздігімен қатар, төтенше жағдай ережелерін қатаң ұстануда. Барлық санитарлық талаптар күшейтілген.

 

Түркістан облысы