Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Браконьерлер мемлекетке 2,5 млн теңге шығын келтірген

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстанда короновируспен қатар 1-15 сәуір аралығында «Биоресурстарды қорғау» републикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полицейлер аңшылық шаруашылығы және орман шаруашылығы қорықшыларымен тығыз байланыста жұмыс істеуде және бұл іс-шараға шекарашы қызметкерлер де тартылды.

Браконьерлер мемлекетке 2,5 млн теңге шығын келтірген

Тәртіп сақшылары операция басталғаннан бері Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 383-бабы «Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу» бойынша 10 адам әкімшілік жауапқа тартылған. Аңға шыққандардың кейбіреуі қарумен, енді бірі тұзақ және қақпанмен сайланғандар екен.

Бірінші тоқсанда СҚО-да барлығы 81 адам жауапқа тартылды. Бұдан басқа, заңсыз ағаш кесу фактілері бойынша сотқа 4 әкімшілік материал тапсырылды. Экологиялық қылмыстар фактілері бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерден 9 атыс қаруы мен 5 суық қару, 35 патрон алынды. Экология саласында 9 қылмыстық іс тіркелді. Браконьерлердің жалпы келтірген шығыны 2 млн. теңгеден асады әрі бұдан да артық болуы мүмкін, өйткені сараптамалар әлі аяқталған жоқ.

Полицейлер ТЖ режімін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы да тұрғындарды ескертуде. Соның ішінде каратин кезінде тек жақын жердегі дүкен мен дәріханаға, жұмысқа баруға және қоқыс шығаруға ғана шығу мүмкін екені айтылуда.

Солтүстік Қазақстан облысы