Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Жамбыл өңірінде коронавирустан тағы екі адам жазылып шықты

36 рет көрсетілді

Бүгін Жамбыл облысының тағы екі тұрғыны коронавирустық инфекциядан емделіп, үйлеріне шығарылды. Жазылып шыққан екі азамат та Қордай ауданының тұрғындары.

1974 жылы туған бірінші науқас 27 наурыз күні ауруханаға жатқызылған. Содан бір күн бұрын ғана ол отбасымен бірге  Жамбыл өңіріне Қырғыз Республикасынан келген екен. Келісілген іс-әрекеттердің нәтижесінде,  белгіленген алгоритмге сәйкес шекараны кесіп өткен сәттен бастап бұл отбасының барлық бес мүшесі карантиндік стационарға оқшауланған.
Зертханалық талдаулардың қорытындысы бойынша бір адамда ғана вирустың бар екені анықталып, басқа отбасы мүшелерінде теріс нәтиже көрсеткен.

Ал, 1996 жылы туған екінші науқас та сол сияқты 27 наурыз күні Қырғыз Республикасынан келген соң ауруханаға жатқызылған. Екі апта бойы олар инфекциялық стационарда жатып, қажетті емдік шараларын алған. Олардың қазіргі жағдайлары қанағаттанарлық деңгейде. Екі рет алынған қорытынды талдаулар емделушілерде инфекцияның жоқтығын растады. Сондай-ақ, алдағы екі апта бойы олар үй карантинінде медициналық қызметкерлердің бақылауында болады. Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 40 науқас ем алуда. Олардың жағдайлары қанағаттанарлық.

 

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Қазақстан • Кеше

Еленген ерлік

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар