Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Алматы облысы: 1448 медицина қызметкеріне үстемақы төленді

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы»  Жарлығын орындау мақсатында Алматы облыстың денсаулық сақтау басқармасы қауіпті індетпен күресіп жатқан  медицина қызметкерлерінің тізімін қарастырды.

Алматы облысы: 1448 медицина қызметкеріне үстемақы төленді

Қазір коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды оңалтуға жұмылып жатқан дәрігерлер мен барлық санаттағы медицина қызметкерлеріне қауіптілік деңгейіне сәйкес үстемеақы белгіленді. Атап айтқанда республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан аймақтағы денсаулық сақтау ұйымдарының 1448 қызметкеріне, оның ішінде 205 дәрігерге, 882 орта медициналық қызметкерлерге, 361 кіші медициналық қызметкерлерге қосымша еңбекақы төленді.

Сонымен қатар облыс әкімінің қаулысын орындау үшін жергілікті бюджеттен 1 023 медицина қызметкерлеріне, оның ішінде 178 дәрігерге, 528 орта медициналық қызметкерлерге, 317 кіші медициналық қызметкерлерге сыйақы беру үшін қосымша қаржы бөлінді.