Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Шымкентте әлеуметтік азық-түліктер белгіленген бағамен сатылуда

56 рет көрсетілді

Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен бірінші кезекте азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі жіті бақылауға алынды. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бөлінді.  

Мемлекет бекітіп берген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұру үшін әкімдік пен «Gramad Retail» ЖШС мен келісім түзілді. Қазіргі таңда аталмыш серіктестіктің қоймасында азық-түлік қоры жеткілікті. Оған қоса тауарлардың көтерме бағасы тұрақты. Келісім негізінде серіктестік өзінің 2 супермаркетінде азық-түлікті белгіленген бағада сатып жатыр.  

Енді «Gramad» супермаркетіне «Magnum» «Фиркан» сауда желілері де қосылды. Қазір қала аумағында бекітілген бағамен азық-түлік сатып жатқан 21 сауда желісі бар. Оған қоса «Gramad» супермаркеті қаладағы «Алаш», «Жібек жолы», «Қапланбек», «Акбар» және «Айна» базарда арнайы көлікпен жылжымалы сату нүктелерін ұйымдастыруда. 

«Gramad»,  «Magnum», «Фиркан» супермаркеттерінің 21 сауда нүктелері мен бес базардағы жылжымалы орындарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда.   

«ФИРКАН»

 

БІРІНШІ СҰРЫПТЫ ҰН (1 келі) - 166 ТГ

КҮРІШ (1 келі) - 272 ТГ

ҚАЛЫПТЫ БӨЛКЕ НАН - 73 ТГ

ЖҰМЫРТҚА 10 ДАНАСЫ - 305 ТГ

ӨСІМДІК МАЙЫ (1 литр) - 422 ТГ

ТҰЗ (1 келі) - 47 ТГ

СИЫР ЕТІ /СҮЙЕКТІ ЖАУЫРЫН ТӨС БӨЛІГІ/ (1 келі) - 1900 ТГ 

МАКАРОН /РОЖКИ/ (1 келі) - 212 ТГ 

 

«Фирканның» 12 сауда желісінде әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты. 

 

«МАГНУМ»

 

БІРІНШІ СҰРЫПТЫ ҰН (1 келі) - 165 ТГ

КҮРІШ (1 келі) - 255 ТГ

ҚАЛЫПТЫ БӨЛКЕ НАН - 73 ТГ

ЖҰМЫРТҚА 10 ДАНАСЫ - 305 ТГ

ӨСІМДІК МАЙЫ (1 литр) - 422 ТГ

ТҰЗ (1 келі) - 50 ТГ

МАКАРОН/РОЖКИ/ (1 келі) - 187 ТГ 

СИЫР ЕТІ /СҮЙЕКТІ ЖАУЫРЫН ТӨС БӨЛІГІ/ (1 келі) - 1904 ТГ 

ҚАРАҚҰМЫҚ (1 келі) - 299 

 

«Магнумның» 7 сауда желісінде әлеуметтік азық-түліктер бағасы тұрақты. 

 

«Gramad»  

 

БІРІНШІ СҰРЫПТЫ ҰН (1 келі) - 147 ТГ

КҮРІШ (1 келі) - 272 ТГ

ҚАЛЫПТЫ БӨЛКЕ НАН - 73 ТГ

ЖҰМЫРТҚА 10 ДАНАСЫ - 305 ТГ

ӨСІМДІК МАЙЫ  (1 литр) - 421 ТГ

ТҰЗ (1 келі) - 50 ТГ

СИЫР ЕТІ /СҮЙЕКТІ ЖАУЫРЫН ТӨС БӨЛІГІ/ (1 келі) - 1904 ТГ 

МАКАРОН /РОЖКИ/ (1 келі) - 208 ТГ 

ҚАРАҚҰМЫҚ (1 келі) - 318 

ҚҰМШЕКЕР (1 келі) - 194 ТГ

ҚЫРЫҚҚАБАТ (1 келі) - 107 ТГ

КАРТОП (1 келі) - 105  ТГ

ПИЯЗ (1 келі) - 114 ТГ

СӘБІЗ (1 келі) - 120 ТГ

«Gramad» 2 сауда желісінде әлеуметтік азық-түліктер бағасы тұрақты.

Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар