Қазақстан • 11 Сәуір, 2020

Сүт бағасы тұрақты

535 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

COVID-19 вирусына байланысты карантин режимі негізгі сүт өнімдерінің бағасына әлі әсер еткен жоқ. Қазақстан Сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевников бүгін журналистердің  қатысуымен  өткен вебинар жиында сүт саласындағы қазіргі жағдайды тұрақты деп атады.

Сүт бағасы тұрақты

«Төтенше ештеңе жоқ. Біздің саламыз консервативті. Коронавирусқа қарамастан, сиырлар сауылып жатыр. Сондықтан сүт өнімдерінің сату бағаларын ешкім өзгерткен жоқ. Олар сол күйінде қалады»,  деп атап өтті Владимир Кожевников.

Сонымен бірге Владимир Кожевников коронавирустың таралуына байланысты көптеген елдерде байқалған төтенше жағдай Қазақстанда сүт өнімдерін өндіруге кері әсерін тигізуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Карантин екі айдан астам уақытқа созылса, материалдарды жеткізуге кедергі болуы мүмкін. «Бізде ашытқы, орауыштың барлығы дерлік шетелден келеді. Ресеймен шекаралар жабылмаса да өндірістің төмендеуі мүмкін. Алдымен олар өз кәсіпорындарын қажеттінің бәрімен қамтамасыз етуге тырысады. Сондықтан біз  тек өз ресурстарымызға сүйенуіміз керек. Қазақстандағы сүтті өңдейтін компаниялардың жанынан сүт ашытқысы немесе сүт орамасын дайындауға баса көңіл бөлу керек. Мұны субсидия арқылы шешуге болады»,  деді  Кожевников.

Сонымен бірге, ол Қазақстанның сүт нарығындағы бағаның тұрақтылығымен тікелей байланысты тағы бір маңызды факторға назар аударып өтті. Карантиндік режим енгізілгеніне қарамастан, Қазақстан ЕАЭО-ға кіретін елдерден сүт өнімдерін жеткізуді шектеген жоқ. Нәтижесінде, бұрынғыдай Қырғызстан мен Беларуссиядан сүт пен қаймақ  бұрынғыдай арзан бағада жеткілікті түрде келіп жатыр.

Оның айтуынша, қазақстандық тауар өндірушілер сүт өнімдеріне сұраныстың 80 пайызын қамтамасыз етеді. Жетпегені импортпен жабылады. «Республика терең қайта өңдеу өнімдеріне: сүт ұнтағы, ірімшік, ішінара йогурт және балмұздақ импортына тәуелді болып қала береді. Сондықтан, жалпы алғанда, Қазақстан жыл сайын шикі сүт мөлшері бойынша 450 мың тонна сүт өнімдерін импорттайды. Негізгі себеп - шикі сүттің жетіспеуі.  Бұл жергілікті өңдеу зауыттарын қыс мезгілінде өндірісті тоқтатуға мәжбүр етеді. Қазір карантин кезінде біз бұл мәселелерді ойлауға шамамыз келіп жатқан жоқ. Бірақ карантинен кейінгі кезді де ойлайық. Егер шекаралар жабыла берсе, онда терең қайта өңдеу өнімдерін өндіруге назар аудару қажет» дейді ол.

Кожевников,  бұл тұрғыда дағдарысқа оптимистік көзқараспен қарауға себеп барын айтып өтті. «Петропавл сүт одағы» ЖШС қазір ірімшік пен ірімшік өнімдерін шығарумен шұғылданады. Оны жаңа иесі сатып алып, кәсіпорынның қайта жабдықталуын қолға алыпты. Ол Украинадан ірімшік өнімдерін Қазақстаннан толық шығаруды жоспарлап отыр. «Бұл қалай болады - біз көреміз. Ең бастысы, қаржы және нақты жұмыс бар. Ең бастысы  мүмкіндікті пайдаланып қалуға ниет бар» деп сөзін түйіндеді ол.

  АЛМАТЫ