06 Қыркүйек, 2013

Жұмыс – мөлдір, сапа – жоғары

351 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазір электр энергиясы мен ауыз сусыз тіршілікті елестету қиын. Қаланы, кез келген елді мекенді ұстап тұрған осы тіршілік көздері дер едік. Бұл екеуіне баға қымбаттаса шекеміз тырысады, бір күн емес, бір сағат үзіліп қалса ақырзаман келгендей алаңдаймыз. Электр энергиясымен және ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған мекемелердің монополист екені тағы бар. Жақында Қостанай қаласындағы электр энергиясымен, ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған екі монополист мекеме журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырып, солар арқылы тұтынушыларына бүгінгі тынысы, жұмыс барысы, ақшаның қайда кетіп жатқаны туралы айтып берді.

Қазір электр энергиясы мен ауыз сусыз тіршілікті елестету қиын. Қаланы, кез келген елді мекенді ұстап тұрған осы тіршілік көздері дер едік. Бұл екеуіне баға қымбаттаса шекеміз тырысады, бір күн емес, бір сағат үзіліп қалса ақырзаман келгендей алаңдаймыз. Электр энергиясымен және ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған мекемелердің монополист екені тағы бар. Жақында Қостанай қаласындағы электр энергиясымен, ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған екі монополист мекеме журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырып, солар арқылы тұтынушыларына бүгінгі тынысы, жұмыс барысы, ақшаның қайда кетіп жатқаны туралы айтып берді.

Қазір инновациялық жобалардың тек өндірістерде ғана емес, қызмет көрсету мекеме­лерінде де жүзеге асып жатқанын Қостанай қаласына электр энергиясын тасымалдайтын «ЭПК-форфайт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де көрсетіп берді. Серіктестік электр жарығын тұтынушыға жеткізгенге дейінгі желі мен құралдар жүйесін жаңғыртқан жобаға 1 миллиардтан астам теңге қаржы қарастырған. Инвестор – тұтынушы, себебі қаржы тарифтен алынады. 375 миллион теңгені АСКУЭ, яғни компьютерлік жүйеде жұмыс істейтін есептегіштер орнатуға, 200 миллион теңгедей қаржы электр желісін жаңалауға кетті. Электр энергиясын тасу желісіне жүргізілген жаңғырту жұмыстары нәтижесін бірден бере бастады. Ең алдымен, осы жүйе орнатылғалы бергі уақыт ішінде серіктестік электр энергиясының ұрлануын толық жоюға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, тұтынушылардың төлем мәдениеті көтерілді, ақаулар азайды. Тасымалға арналған оқшауланған желінің тартылуы электр энергиясын өткізу қабілетін жоғарылатты, қол еңбегін, төменгі вольтты желілердегі қауіптілікті азайтты, тиімділік артты.

Сөз жоқ, тиімділік бізге бірден сезілді. Үш жылға жуық уақытта 18 миллион теңгеден аса қаржы үнемдедік. Инновациялық жоба жүзеге асырылған, яғни АСКУЭ есептегіштері орнатылған аудандарда ешқандай апат, ақау орын алмайды. Электр кернеуі де бұрынғыдай құбылмайды, тұрақтанды, дейді «ЭПК-форфайт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сергей Яковенко. Алайда, серіктестік қолға алған бұл есептегіштер қаланы түгел қамтып отырған жоқ. Оны түгел орнату үшін, кем дегенде, 10 жыл керек болып отыр.

Журналистер десантының келесі бекеті «Қостанай су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болды. Мұнда инвестициялық-инновациялық жоба бойынша 2011 жылдан басталған екінші көтерілім стансасының жабдықтарын жаңғырту ісі сатылап жүзеге асырылып келеді. Жоба үстіміздегі жылдың аяғына дейін толық аяқталуға тиіс. Алғашқы кезде жиілікті реттейтін қондырғы және бір электр қозғалтқышы ауыстырылды. Кейінгі кезде диаметрі 500 миллиметр су құбыры ауыс­тырылып, тиек арматурасына жөндеу жұмысы жүргізілді. Мұның барлығына 57,3 миллион теңге жұмсалды. Алдағы уақытта тағы да 14 миллион теңгенің жұмысы атқарылмақ, жоба барлығы 72 миллион теңгеден астам қаржыға есептелген.

– Жиілікті реттейтін қондырғының арқа­сында бір жылда бағасы 30 миллион теңгеден асатын электр энергиясын үнемдедік. Тарату желісінде аз да болса ақаулар азайды. Қондырғы ақауды, апатты тез көрсетеді және бұрынғыдай су қысымы бірден түсіп кетпейді. Қондырғы дәл көрсеткен жерде ақау да тез қалпына келтіріледі. Бұл су ысырабын азайтады. Ал кеткен шығын екі жарым жылда қайтарылады деп отырмыз, – дейді «Қостанай су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бөлім меңгерушісі Лариса Пыленок.

«Қостанай судағы» атқарылып жатқан инвестициялық-инновациялық жоба қаржысы да тұтынушылардан түскен ақшаға, тарифке негізделген. Кәсіпорын басшылары әзірге ауыз су сапасы туралы сөз қозғау ерте екенін жа­сырған жоқ. Себебі, қолға алған жобаны аяқтау үшін әлі де екі сорғыш агрегат орнату жоспарланған. Оны жиілікті реттейтін қон­дырғымен келістіру жұмыстары тағы бар. Тарату желілеріндегі құбырлардың тесілуі, жырылып кетуі сияқты апатты ақаулардан түгел арылға нда ғана ауыз су сапасына мүмкіндік туады. Кәсіпорынның басты жұмысы да осы бағытта.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

Соңғы жаңалықтар