Аталған сертификат ет, балық және сүт өнімдерін өндірушілерге берілетін болады, ал оның қолданылу мерзімі 6 айды құрайды, оның ішінде қазақстандық өндірушілер қазіргі кезде әрбір жеке партия үшін ресімдеу жүзеге асырылуы тиіс қосымша шығу тегі сертификаттарын ұсыну қажеттілігінсіз өз тауарларын экспорттай алады.
«Бұл сертификат қазақстандық ет, балық және сүт өнімдерін өндірушілерге берілетін болады, бұл ЕАЭО елдеріне экспортты жеңілдетеді және біздің тауар өндірушілер үшін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов.
Алдағы уақытта осы сертификат қолданылуы мүмкін тауарлардың тізбесін кеңейту жоспарлануда.