Аймақтар • 12 Сәуір, 2020

Тілсіз жау түн ішінде отқа орады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше түнде Петропавлдың Н.Болатбаев көшесіндегі 9 қабатты 144 пәтерлі №32 үйден өрт шыққан. Апат орнына 01 сағат 42 минутта жеткен өртсөндірушілер қызметі жедел іске кіріскен.

Тілсіз жау түн ішінде отқа орады

Бұлар №2-ші және №3-ші өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері еді. Олар құрамында 6 арнаулы техника және 24 адам күшімен өрт сөндіруге кіріскен. Өрт шыққан 9 қабаттағы пәтерде адамдардың бары анықталады. Өртсөндірушілер алдымен соларды құтқару қамына кіріседі. Олардың жанкештілігінің арқасында 1960 жылы туған үй иесі мен оның 1959 жылы туған әйелі алдымен құтқарылды. Күйік шалған олар №3-ші қалалық ауруханаға жеткізілген. Екеуінің жағдайлары да әзірге ауыр.

Сондай-ақ осы кіреберістегі 87 адам эвакуацияланған. Олардың ішінде 24 балалар. Өртсөндірушілердің ұтымды жұмысының нәтижесінде өрт басқа пәтерлерге жайылмай түнгі сағат 2-ден 19 минөт өткенде толықтай өшірілді.

Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. Алдын ала айтқанда отты абайламай қолданғандықтың кесірі екендігі белгілі болып отыр. Үйдің ішіндегі жиһаздар мен жеке мүліктер от құшағында қалған. Оның шарпыған жерінің жалпы көлемі 15 шаршы метрдей.

ПЕТРОПАВЛ