Аймақтар • 12 Сәуір, 2020

Қостанайда үй астынан су шығып жатыр

873 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 сәуірдегі қарлы бораннан кейін Қостанай қаласының солтүстік батыс ауданында 4 көшені су басып қалды.

Қостанайда үй астынан су шығып жатыр

Мұнда боранды күні 1 тәулік ішінде бір айлық қар түсіп, ертесінде-ақ жылдам ери бастады. Артынша аулаларды су алып, көлік түгілі, жаяу адамның жүруі қиындап кетті. Ел екінші Қостанай деп атайтын бұл шағын аудандағы бірнеше көшенің тұрғындары тізеге  дейін балшық кешіп, үйінің ішінде, еденінің астында кілкіген суды сорғыта алмай әлек. Тұрғындар еріген қардың суына тереңнен көтерілген жерасты суының  қосылып  жатқанын айтады. Өйткені үй астындағы бүгін сорғытқан су ертесі күні қайта көлкіп шыға келетін көрінеді.    

Коммуналдық қызмет Энгельс, Белинский, Спартак, Тургенев көшелерінде бірнеше күннен бері тынымсыз жұмыс істеп жатыр.  Алайда көшені құрғатқанымен, үй астын сорғытып үлгере алар емес.     

Видеоны түсірген және монтаждаған автор.

 Қостанай облысы