Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Сарбаздар қайта сапқа тұрды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» Жарлығына сай, Қарағанды облысында еріктілердің тізімі жасалды. Осыған орай Отан алдындағы парызын өтеуге 95 адам ниет білдіріп, арнаулы жиынның талабын қабыл алды.

Сарбаздар қайта сапқа тұрды

Айта кететін бір жайт, резерв­­ш­ілер тек кеншілер аста­на­­сы бойынша ғана таңдалды. Қа­­ра­­ғанды облысының ж­ұ­мыл­­­ды­ру дайындығы жө­нін­­дегі басқарма басшысы Жомарт Жылқыбаев өңірдің басқа қалалары мен аудандарында арнаулы жиындар өткізудің әзір­ге жоспарда жоқ екенін ай­та­ды.

Сондай-ақ басқарма бас­шы­сының әскерге шақы­ры­лу­шы­лардың бір ай бойы қала аума­­ғын санитарлық өңдеу үшін қосымша күш ретінде жұ­мыл­дырылатынын атап өтті. Оларды мамандар алдын ала оқытады екен.

– Әскери міндеттілердің барлығы киім-кешекпен, қор­ға­ныш костюмдерімен және құ­рал­­дармен қамтамасыз етіле­ді. Күніне үш рет та­мақ­та­нады. Мем­лекет есебінен арнаулы жиынға қатысушыларға еңбек­ақы төленеді. Олардың ішіндегі бұрын жұмыс істемегендері 42 500 теңгеден алады. Ал жұмыс істейтін әскери міндеттілер бұрынғы еңбекақысын жоғалт­пай­ды. Жұмыс орнынан анық­та­ма бойынша оларға орташа айлық еңбекақы төленеді. Жи­ын барысында жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақталады, – дейді Жомарт Жылқыбаев.

 

Қарағанды облысы