«13 сәуір сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 10 адам тiркелді: Қызылорда облысында - 1 адам, Алматы қаласында - 7 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 253 адам, Алматы қаласында – 172 адам, Қарағанды облысында - 65 адам, Ақмола облысында - 71 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 21 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 10 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 119 адам, Батыс Қазақстан облысында - 9 адам, Түркістан облысында - 43 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 961 науқас тіркелді» делінген ақпаратта.
Еске сала кетейік, коронавирустан бүгінде 99 науқас жазылып шықты. Олар - Нұр-Сұлтан қаласы – 37, Алматы қаласы – 49, Шымкент қаласы – 2, Ақтөбе облысы – 1, Алматы облысы – 1, Атырау облысы – 2, Жамбыл облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Павлодар облысы – 1 және Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам.
10 науқас көз жұмды: Нұр-Сұлтан қаласы – 1, Алматы қаласы – 2, Шымкент қаласы – 1, Ақмола облысы – 3, Қарағанды облысы – 1, Павлодар облысы – 1 және Түркістан облысында 1 адам.