Әлем • 13 Сәуір, 2020

Коронавирус: Борис Джонсон ауруханадан шықты

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирусқа шалдыққан Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсон Лондондағы Сент-Томас ауруханасынан шықты деп хабарлайды ВВС.

Коронавирус: Борис Джонсон ауруханадан шықты

Даунинг-стриттің хабарлауынша, премьер-министр дәрігерлердің кеңесі бойынша жұмысына әзірге оралмайды.

«Борис Джонсон көрсеткен көмегі үшін Сент-Томас ауруханасының барлық қызметкеріне алғыс айтты» делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, мемлекетті үйінен басқара бастаған. 6 сәуірде жағдайы нашарлаған премьер ауруханаға жатқызылды.