Енді, міне Нидерланд елінде осындай жағдайлар қайталануда. De Telegraaf газетінің хабарлауынша 5G-ге қарсы адамдар саналы түрде мұнараларды өртеп жіберген. Ұйымдасқан қоғам белсенділері бұл құрылғылар тарататын радиотолқындар адам денсаулығына өте зиян деп есептейді. Оған қоса 5Gтехнологиясы жеке бас құпиялығына да бұзады екен.
Бір аптаның ішінде байланыс құралы орнатылған төрт мұнараны істен шығарылған. Нидерландтағы байланыс операторлары мен провайдерлер мұндай жағдайларға қарамастан халықты сапалы байланыс және интернетпен қамтамасыз етуде.