«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ ағымдағы жылдың басынан 37 қазақстандық экспорттаушыны қолдады, оның 10-ы ТЖ режимінің әрекет ету кезеңінде 1 млрд теңгеден астам сомаға сақтандыру қолдауына ие болды, 6-ы компания құралдарын алғаш рет пайдаланғандар деп хабарлайды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Қашықтан жұмыс істеуді ұйымдастыруға көшкеннен бастап KazakhExport барлық бизнес-процестерді сақтай отырып, клиенттермен өзара іс-қимылдың жеделдігін де арттыра түсті, себебі көптеген мәселені шешу онлайн алаңға өтті.
2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша KazakhExport қабылдаған міндеттемелердің көлемі шамамен 19 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңінен үш есе көп, экспорт алды қаржыландыру және сауданы қаржыландыру бойынша шартты салымдардың сомасы 10,9 млрд теңгеге жетті, қолдау көрсетілген келісімшарттардың сомасы 50,7 млрд теңгеден асты.
Сонымен қатар, Қазақстанның әр түрлі салалары мен өңірлеріндегі 22 экспорттаушы бойынша 29 млрд теңге сомасындағы жобалар мақұлданды және сақтандыру шарттарын жасаудың сатысында тұр.
Биылғы жылдың басынан бері KazakhExport қолдаған табысты кейстер туралы осы компания басшысы Руслан Ысқақов айтып өтті. Мәселен, оның айтуынша, кәбіл-өткізгіш өнімдер өндіру бойынша ірі отандық «Қазэнергокабель» АҚ импортты алмастыру бойынша үкіметтік бағдарламаға белсене қатысып қана қоймай, сыртқы нарықтарды да игеруде.
- Біз зауытпен Өзбекстан мен Ресейге қазақстандық өнімдерді жеткізуге арналған үш экспорттық келісімшарт бойынша сақтандыру шарттарын жасадық. KazakhExport-тың сақтандыру қолдауының арқасында отандық экспорттаушы, төлемін кейінге қалдыра отырып, шетелдік контрагенттерге өз өнімдерін тәуекелсіз жібере алады, бұл ретте жіберу көлемін едәуір ұлғайта алады. Сақтандырылған экспорттық келісімшарттардың сомасы 21,5 млн долларды құрады, - деп түсіндірді Руслан Ысқақов.
Сақтандырылған экспорттық келісімшарттар шеңберінде кәсіпорын айналымдағы қаражатты толықтыру үшін екінші деңгейдегі банкте кредит желісін ашты. KazakhExport осы желі бойынша қорландыру ұсынды, соның арқасында Қазэнергокабель қарызды төмен сыйақыны ставкаларымен рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды. Экспортқа дейінгі ұсынылған қаржыландырудың жалпы көлемі 340 млн теңгеден асты.
Биылғы жылы бірінші рет KazakhExport-тың қолдау құралдарын құбырлар мен фитингтерді өндіруге және сатуға мамандандырылған «Fidelis Global» ЖШС және пластикті экструзиялау және құймалы престеу жөніндегі ірі компания «Novus Polymer» ЖШС сияқты кәсіпорындар пайдаланды, оларды қаржыландыратын банк үшін «Қарыздарды сақтандыру»құралы шеңберінде сақтандыру өтемі берілді.
- KazakhExport-тың осы қаржылыұ-сақтандыру құралының көмегімен компаниялар айналым қаражатын толықтыруға 400 млн теңге көлемінде қаржы алды, бұл өз кезегінде Өзбекстан мен Тәжікстанға қосымша шикізат сатып алуға және экспортталатын өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді, - деп хабарлады Руслан Ысқақов.
2020 жылдың басынан бері қолдау тапқан жобалардың ішінде азық-түлік өнімдерін өндірушілер де бар. KazakhExport-тың құралдарын алғашқы болып 122 компаниядан тұратын және әртүрлі елдерде 76 өкілдігі бар, «CG Corp Global» ЖШС ірі халықаралық корпорациясына кіретін «CG FOOD Central Asia» ЖШС-ы пайдаланды. Өткен жылдың желтоқсан айында корпорация өзінің өндірістік желісін кеңейту аясында Түркістан облысында тез дайындалатын кеспе зауытын ашты.
«CG FOOD Central Asia» ЖШС Ресей Федерациясындағы үш шетелдік сатып алушыға қатысты экспорттық кредиттер бойынша шарттарды сақтандыруға ие болды. Енді экспорттаушы өз өнімін шетел контрагенттеріне төлемді кейінге қалдыра отырып, тәуекелсіз жібере алады, бұл ретте жіберу көлемін едәуір ұлғайта алады. Сақтандырылған экспорттық келісімшарттардың сомасы 130 млн ресей рублін құрады.
Зауыт 2020 жылдың басында қазақстандық тез дайындалатын кеспені жеткізуді бастады және РФ мен Өзбекстанға экспорттау географиясын біртіндеп кеңейтуді жоспарлап отыр.
- Қазіргі уақыттағы жағдай - отандық бизнес пен жалпы ел үшін үлкен сынақ. «Бәйтерек» холдингі мен «KazakhExport» еншілес ұйымының басты міндеті - экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру. Біз белсенді жұмыс атқарудамыз, біздің аймақтық менеджерлеріміз әрдайым өндірушілермен, жергілікті басқару органдарымен байланыста болып, клиенттерге KazakhExport құралдары бойынша дер кезінде шешімдер ұсынуда, - деп түйіндеді Руслан Ысқақов.
2017 жылдан бастап KazakhExport құралдарын Қазақстанның түрлі өңірлерінен машина жасау, металлургия, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы қызметті жүзеге асыратын 112 отандық экспорттаушы кәсіпорын пайдаланды. Осы үш жылдың ішінде сақтандыру қолдауының жалпы көлемі 245,9 млрд теңгені құрады,оның 97 млрд теңгесі өткен жылға тиесілі. Облыстар бойынша қолдау көрсетілген келісімшарттардың ең көп сомасы Алматыға (71 млрд.теңге), Қостанай (48,3 млрд. теңге), Павлодар (29 млрд. теңге) және Ақтөбе облыстарына (17,6 млрд. теңге) тиесілі.
Анықтама:
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты. Холдинг құрамына: «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Qazaq Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан-Чехия дипломатиялық қатынасына арналған дөңгелек үстел өтті
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар