«NCOC компаниясы мемлекеттік органдармен келісе отырып, оқушылардың онлайн режимінде білім алуы үшін артық компьютерлерді табыстау арқылы білім беру мекемелеріне қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. 10 сәуірде NCOC өңірдегі мектептердің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатымен алғашқы 100 компьютерді табыстады. Компьютерлер Атырау облысының білім беру басқармасына мектептерге тарату үшін жеткізілді. Кейін олар жағдайы төмен отбасылардың балаларына жіберіледі» деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Енді таяуда NCOC компаниясы шамамен 1200 компьютерді сыйға тартпақ.
Жұмасат ҒАЗИЗ
АТЫРАУ