Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Атырау: Түрмедегілер 20 мыңнан астам медициналық маска тігіп, сыйақы алды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы түрмелерде 20 мыңнан астам медициналық маска тіккен сотталушыларға қаржылай сыйақы берілді.

Атырау: Түрмедегілер 20 мыңнан астам медициналық маска тігіп, сыйақы алды

«Ерлер түрмесінде 6 адам медициналық маска тігеді. Ал, әйелдер түрмесінде бұл іске 25 адам тартылды. Олар қысқа мерзімде көп рет пайдалануға болатын 20 мыңнан астам медициналық маска дайындады. Бас бостандығынан айырылғандар тіккен қорғаныш маскасын облыстық полиция және Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері пайдалануда» -деп хабарлады Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев төтенше жағдай кезінде маска тіккен  сотталушыларға  сыйақы беру жөнінде шешім қабылдаған.

«Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек Атырау» филиалы 150 мың теңге бөлді. Бас бостандығынан айырылғандар сыйақысын алды. Бұл қаржы олардың еңбекақысы аударылатын есепшоттарына түсті»-деді Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінен.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ

Атырау облысы