Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Әскерилер Ақтау қаласының 300 мыңнан астам шаршы метрін дезинфекциялады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері жалпы аумағы 278 мың шаршы метрді құрайтын Ақтау қаласының-70 тен астам түрлі нысандарын зарарсыздандырды. Бұл туралы «Батыс» өңірілк қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады.

Әскерилер Ақтау қаласының 300 мыңнан астам шаршы метрін дезинфекциялады

Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап 120 әскери қызметші және 3 АРС-14 (авто құю станциясы) әскери техникасының күшімен қала жағалауы аумағы, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы барлық ықшам аудандарында санитарлық жұмыстар жүргізді.

Дезинфекция тұрғын үйлердің және оған іргелес аумақтардың, ойын алаңдарының, алаңдар мен саябақтардың, мемлекеттік органдардың аумақтары, базарлар және әуежай учаскелерінде жүргізіледі.

Іс-шараларды өткізу үшін жеке құрам арнайы жабдықтармен, газсыздандыратын қорғаныш жиынтықтарымен, сонымен қатар дезинфекциялық ерітіндімен қамтамасыз етілген.

-Біз қолданатын ертінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз және 5 сағатқа дейін әрекет етеді. Біз 1 тонна су үшін 450 грамм «Рубеж» қоспасын немесе 16 кило натрий гипохлоритіні қолданамыз. Бүгінгі таңда қала аумағында 70 нысанда залалсыздардыру жұмыстары аяқталды, дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс күштерінің бастығы Алмас Несіпқалиев.

Жалпы карантин режимін қамтамасыз ету шаралары аясында Ақтау қаласына 300-ге жуық әскер жұмылдырылған. Дезинфекциядан басқа әскери қызметшілер бақылау-өткізу пункттерінде және қаланы күзетумен айналысады.

1