Спорт • 13 Сәуір, 2020

УЕФА Еурокубок бәсекелерінің қалған матчтарын тамыз айында өткізбек

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа футбол одағы қауымдастығы (УЕФА) Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қалған матчтарын тамыз айының үш аптасында өткізуді жоспарлап отыр.

УЕФА Еурокубок бәсекелерінің қалған матчтарын тамыз айында өткізбек

Оқиғаның осылай өрбіген нұсқасына сәйкес, барлық ұлттық біріншіліктер шілде айының соңына дейін аяқталуы тиіс, ал Еурокубок ойындарына қатысатын командалар тамызға дейін ішкі чемпионатқа алаңдамауы керек. Қазіргі уақытта бұл ұсынысты УЕФА басшылығы талқылап жатыр.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 1/8 матчтары наурыз айында уақытша тоқтатылған болатын. Ал УЕФА 1 сәуірде өткен онлайн отырыста Еуродода ойындары коронавирус пандемиясына байланысты белгісіз мерзімге көшірілгенін хабарлады.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, әлемде 1 856 798 адам коронавирус дертіне шалдыққан. Оның ішінде 114 312 науқас қайтыс болып, 428 275 адам дертінен айықты. Әлемде ең көп АҚШ, Испания, Италия, Франция және Германия азаматтары аталған індетке шалдыққан.