Қоғам • 13 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Боранда адасқан зейнеткер ауруханада қайтыс болды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 сәуірде болған қарлы боранда адасып кеткен Әулиекөл ауданының тұрғыны жексенбі күні ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға ауыр қалде жеткізілген зейнеткердің бұрыннан бауыры ауырады екен. Оның үстіне екі күн бойы боран астында қалып, бүкіл ағзасына суық өтіп кеткен.

Қостанай облысы: Боранда адасқан зейнеткер ауруханада қайтыс болды

Бұған дейін баяндағанымыздай, боран басталатын күні 64 жастағы Диев ауылының тұрғыны жергілікті серіктестіктің жылқысын бағып кеткен. Артынша қар аралас қатты дауыл басталады. Зейнеткердің екі күннен бері үйге оралмағаны туралы полицияға інісі хабарлайды. Полицейлер еріктілер мен әкімдік қызметкерлерінің көмегімен дереу жедел іздестіруге кірісіп, жылқышыны Үшқарасу ауылына 50 шақырым жерде құлап жатқан жерінен тауып алған.  Құтқарушылар жылқышыны дереу ауруханаха жеткізеді. Өзі қарлы боранға құрбан болғанымен, зейнеткер қарауындағы 400 бас жылқыны  шығынсыз сақтап қалған.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20