- Аймақта Еріктілер жылына арналып арнайы әзірленген өңірлік жоспар бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру көзделген. Бұл жобалар сабақстастық, саулық, таза әлем, асыл мұра, қамқор, білім, үміт деп аталатын 7 бағыт бойынша іске асырылып жатыр. Біз «Таза әлем» жобасына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Бұл бағыт бойынша қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, тұрғындарды қоқысты сұрыптап тастауға дағдыландыру сияқты бірқатар шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Марат Жұрқабаев.
Қостанай облысында жалпы саны 15 мың мүшесі бар 80 шақты еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Олар Еріктілер жылы аясында жыл басынан бері 180 шара өткізген. Ерікті жастар негізінен жалғыз тұратын қарт адамдарға көмек көрсету, тұрғын үй аулаларын қардан тазарту, «Вiz birgemiz» республикалық акциясы аясында мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізу жұмыстарымен айналысқан. Акция аясында 270-тен астам ерікті 1155 қарт адамның үйіне мемлекеттен тегін бөлінетін дәрі-дәрмек препараттарын жеткізіп берген.
Облыс әкімі бүгінгідей төтенше жағдайда қоғамдық шараларға ат салысып жүрген еріктілердің ең алдымен қауіпсіздігі қорғалуы маңызды екеніне тоқталып өтті.
- Жастарды барлық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету қажет, еріктілерді толық жабдықтау керек, – деді өңір басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі биыл елді мекендерді көгалдандыру бойынша барлық жұмыстар уақытша шегерілгенін, ал төтенше жағдай кезінде қоқыстан тазарту жұмыстарын коммуналдық кәсіпорындар атқаратынын айтты.
Қостанай облысы