Қоғам • 13 Сәуір, 2020

Әскери қызметшілер Семейде тонаудың алдын алды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінің әскери қызметшілері кезекті патрульдеу барысында тонаудың алдын алды.

Әскери қызметшілер Семейде тонаудың алдын алды

Оқиға түнгі уақытта орын алды. Аға сержант Роллан Серіков пен сержант Руслан Секенов патрульдеу барысында азық-түлік дүкендерінің бірінде дыбыстарды естейді. Тексеру барысында  олар есіктің бұзу іздерін тапты. Әскери қызметшілер тәртіп бұзушыны қылмыс орнында қолға түсіріп, оқиға орнына келген полиция қызметкеріне тапсырды. Ұсталған азаматтың қалтасынан дүкеннен ұрланған ақша табылды.

Полицияның басқарма басшылығы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілеріне жедел әрекеті мен өз міндеттерін адал орындағаны үшін алғыс білдірді.

Айта кету керек, Семейде патрульдеу қосымша шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап ұйымдастырылды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері полиция бөлімшелерімен және Ұлттық ұланмен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қоғамдық орындарды патрульдейді.